ҚХА мүшелері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде

28 Наурыз, 22:00 317

Су тасқынымен күресте Қостанай облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері де тыс қалмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белсенділер қаражат жинауды ұйымдастырып, еріктілерге 1000 қап, 500 жұп қолғап, күректер мен күрек саптарын сатып алды. Бұл қазіргі сәтте су басу апатымен күресу үшін қажет нәрселер. Құрал-сайман Амангелді ауданына жіберілді.

ҚХА мүшелері бұл мәселені әрі қарай бақылуында ұстап, қиын жағдайға тап болған жерлестеріне қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.

Зарина Арман
Бөлісу: