QFL премьер-лигасы: Көшбасшылар өзара тең тарқасты

27 Тамыз, 14:16 472

Қазақстан премьер-лигасының 18-туры аяқталды. ойындар саны азайып, көмбе жақындағанымен, әзірге қара үзіп, алға суырылып шыққан ешкім жоқ.

«Атырау» (Атырау) – «Шахтер» (Қарағанды) – 1:0

Гол: Николай Сигневич, 27 (1:0).

Алаңнан қуылды: Лионель Адамс, 85 («Шахтер»).

«Атырау»: Егор Хаткевич Қ), Геворг Наджарян, Әділбек Жұмаханов, Матеус Барбоса, Олжас Керімжанов, Ринат Жұматов (Якоб Новак 46) (Ерсұлтан Қалдыбеков, 90+1),  Наурызбек Жагоров (Никита Степанов,​ 90+1), Александр Нойок, Николай Сигневич, Игорь Стасевич (Аслан Әділ, 82), Жоэль Каямба (Фатхулло Олимзода, 18);

«Шахтёр»: Егор Цуприков (Қ), Богдан Савкив, Филип Стаменкович (Милош Николич, 80), ​​Лайонел Адамс,​ Дмитрий Рыжук, Франциско Кампо (Айбар Абдулла, 59) , Максим Драченко (Алмас Төлебай, 66), Роджер Каньяс, Дмитрий Лисакович (Имеда Ашортия, 66), Евгений Козлов, Милан Джокич (Айдос Тәттібаев, 80);

Биылғы маусым басталғанда-ақ «Шахтердің» премьер-лигамен қоштасатына сенімді болғандар көп еді. Сол болжам расталып келе жатқандай. Әр тур сайын қарағандылық команда ұпай жоғалтып жүр. Тіпті, «Кеншілердің» мерекесіне де сый жасай алмады. Бұл жолы «Атырауға» барып жеңіліс тапты. «Атырауда» екі айдан бері үш ұпай еншілей алмай жүрген. Николай Сигневич соққан гол алаң иелерінің мерейін асырды.

Бұл әжептәуір мықты қарсылас кезікті. «Шахтер» трансфер кезінде жақсы күшейген. Әзірге командалық түсіністік жетіспей жатқаны белгілі. Бірақ ойын оңай болмайтынын білдік. Жоэль Каямбаның жарақаты ойынға әсер етті. Бірақ команда тез есін жиып, жинақтала алды. Үзіліске дейін гол соғуға шамамыз жетті. Мұндайда екінші голда салу маңызды. Сол кезде сенімді боласың. Матч өзіміз күткеніміздей қиынға соқты. Бастысы, жеңіске жеттік. Соған қуаныштымын. Енді алда Қостанайда қиын кездесу күтіп тұр, - деді «Атырау» бапкері Виталий Жуковский.

«Елімай» (Семей) – «Қызылжар» (Петропавл) – 2:1

Голдар: Лука Имнадзе, 44  (0:1). Иван Свиридов, 52 (1:1). Роман Мұртазаев, 76 (2:1).

«Елімай»: Максим Коваль (Қ), Дмитрий Шомко, Самюэль Одеоибо, Дмитрий Яшин, Даниил Пенчиков (Михаил Габышев, 81),  Давид Майком, Никита Корзун, Аслан Дарабаев (Иван Свиридов, 46)​, Эдарлин Рейес Уренья (Еркебұлан Нұрғалиев, 81), Квентин Корнетт (Жан-Али Пайруз, 46), Ислам Машуков (Роман Мұртазаев, 67);

«Қызылжар»: Вадим Петров (Қ), Ардақ Сәулет (Шохан Абзалов, 88), Ұлар Жақсыбаев, Артем Литвяков,Рафаэль Сабино (Мади Хасейн, 71), Душан Йованчич, Евгений Березкин, Рубен Бриджидо (Рафаиль Оспанов, 88), Лука Имнадзе, Андрия Дрльо (Владислав Сорокинс, 71), Сенин Себаи (Олексий Щебетун, 71);

«Шахтер» соңғы орыннан көтеріле алмай жүрсе, есесіне Қарағанды футболының түлектері Семей командасының көшбасшысына айналып үлгерді. Мысалы, осы жолы «Елімай» мен «Қызылжар» кездесуінің тағдырын Жан-Әли Пайру, Иван Свиридов, Роман Мұртазаев ойын көрігін қыздырды.

Негізі бірінші таймда грузиялық легионер Лука Имнадзе қонақтарды алға шығарған. Алаң иелері ұзақ уақыт таразы басын теңестіре алмай-ақ қойды. Тек екінші таймда ғана «Елімай» оянды. Жоғарыда ойтқанымыздай, қарағандылық футболшылардың ұйымдастырған шабуылы өз жемісін берді. Алдымен 52-минутта Пайруздың асырған пасын Свиридов голға айналдырды. Соғылған доптың айтары жоқ әдемі болды. Сосын Пайруз тағы белсеніп, 76-минутта оң қапталдан Мұртазаевтың көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Қорытынды есеп – 2:1.

Екі дос Андрей Карпович пен Әли Әлиев арасындағы матч алғашқысының пайдасына шешілді.

Ең бастысы – үш ұпай. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жанкүйерлер көңілді кетті. Әрине, өткендегі 6:0-ден кейін өте қиын болатыны түсінікті еді. Сондай кездесулерден кейін ес жыю қиын. «Қызылжар» мүлдем басқа команда. Меңінше, олардың турнир кестесіндегі қазіргі орны ойындарына сай емес. Өте ұйымшыл ұжым. Жақсы орындаушылары бар. Әли Әлиев әрдайым динамикалық ойын көрсететін команда құрады. Біз бұдан да жақсы нәтижемен жеңігіміз келген. Алайда ең бастысы үш ұпай, - дейді «Елімай» бапкері Андрей Карпович.

Ал «Қызылжар» бапкері Әли Әлиев екі команда тарапынан жақсы ойын болды деп отыр. Алаң иелері ретінде «Елімай» матчты белсенді бастағанын жеткізді.

"Елімай" ФК баспасөз қызметі

Біздің жігіттер жарады, ондай қысымға дайын болып шықты. Бірінші таймда бір шабуылымыз сәтті аяқталып, есеп аштық. Бұл гол жаттығудың нәтижесі. Ал екінші кезеңде өз мүмкіндігімізді пайдалана алмадық. Қарсылас команда сапында шеберлігі жоғары ойыншылар көп. Солар ойын тағдырын шешіп кетті. Одан бөлек, төрешілер тарапынан қателіктер жетерлік, - дейді Әли Әлиев.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) – 0:0

«Қайсар»: Степан Сикач (Қ), Әділет Кеңесбек, Руслан Юденков, Виталий Приндета, Йован Пайович, Қуаныш Қалмұратов, Горан Милойко, Думан Нәрзілдаев, Василий Совпель (Шохназар Норбеков, 72), Дидар Жалмұкан (Герман Камени, 84), Айбар Жақсылықов;

«Жетісу»: Арсен Сиукаев (Қ), Чарльстон Сильва, Нұрлан Дайыров, Асхат Балтабеков, Рауан Орынбасар, Гиа Чадунели, Дінмұхамед Қараман, Мейрамбек Қалмырза (Шчиприм Таипи, 70), Антон Шрамченко (Равиль Атыханов, 90+2), Серікжан Мұжықов, Руслан Болов;

Қызылордада «Қайсар» мен «Жетісу» кездесті. Екі командада бапкерлерінің «жабық» тактикасымен ойнайтын ұжымдар. Сондықтан гол да соғылмады. Қос ұжым 0:0 есебімен тең тарқасты. Соққы да аз болды.

«Қайрат» (Алматы) – «Тобыл» (Қостанай) – 2:2

Голдар: Жоао Пауло, 20 (1:0). Ахмед Эль-Мессауди, 54 (1:1).  Давид Энен, 73 (1:2), Андрей Ульшин, 90+7 (2:2).

«Қайрат»: Вадим Ульянов (Қ), Лука Гадрани, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Юг Станоев, Офри Арад (Вячеслав Швырев), Андрей Ульшин, Еркебулан Сейдахмет (Лев Кургин, 73),  Валерий Громыко, Гиорги Зария (Дмитрий Сергеев, 62), Жоао Пауло;

«Тобыл»: Стас Покатилов (Қ), Иван Миладинович, Пепе Алиун Ндиайе, ​Альберт Габараев, Роман Асранкулов​, Эдедем Эссьен, Ахмед Эль-Мессауди (Радослав Цонев, 90+2), Цотне Мосиашвили, Игор Иванович (Еркін Тапалов, 84), Ислам Чесноков (Александр Зуев, 90+2), Руй Кошта (Давид Энен, 69);

"Қайрат" ФК баспасөз қызметі

Алматының «Орталық» стадионында қызықты ойын өтті. Екі командаға да жеңіс керек болатын. «Қайрат» биыл чемпион болуға барын салып жатыр. Қайрат Боранбаевтың Ресейден аттай қалдырып алдырған бапкері Александр Кержаков биыл команданы жоғары орындарға сүйрей алмаса, еңбегі ақталмағаны.

Ойынға тоқталсақ, қонақтар басында біраз қысым көрсеткенімен, есепті «Қайрат» ашты. Грузиялық Гиорги Зарияның пасын капитан Жоао Пауло тиімді пайдаланды. Үзіліске дейін осы есеп сақталып қалды.

Екінші таймда жағдай өзгерді. «Тобылдың» көшбасшысы, марокколық Ахмед Эль-Мессауди таразы басын теңестірген. Одан кейін Жоао Пауло екінші голын салып еді, төреші есепке алынбады. Есесіне, Қостанай командасының қосалқы құрамнан шыққан ойыншысы Давид Энен есеп 1:2-ге жеткізген.

Бірақ қонақтар бұл жеңісті соңына дейін ұстап қала алмады. Төреші 4 минут қосып, кездесуді 97-минутқа дейін созып жіберді. Мұны Андрей Ульшин тиімді пайдаланды. Ол ойын соңында айып соққысын асқан шеберлікпен орындап, «Қайратты» жеңілістен құтқарып қалды.

Бірақ бұл тең матч екі жаққа да тиімсіз болды. Қазір «Қайрат» 31 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Бірақ «Ордабасының» екі матчы кем екенін ескерсек, шымкенттіктер озып кетуі ықтимал.

"Қайрат" ФК баспасөз қызметі

Ойынның деңгейіне келсек, маған ұнамады. Біз өзіміз қалағандай футбол көрсетпедік. Допсыз ойнайтын тұста көп қателіктер жібердік. Негізі бір ұпайға да сай болмадық. Бірақ сәттілік жолдас болды. Мұның бәрі бұған дейін жақсы ойындарымыздың өтеуі. Егер осылай жүре берсек, мақсатымызға жете алмаймыз. Келесі ойынға дейін қателіктен сабақ шығарып, ойлану қажет, - дейді «Қайрат» бапкері Александр Кержаков.

«Ордабасы» (Шымкент) «Ақтөбе» (Ақтөбе) – 1:1

Голдар: Севальос, 13 (0:1). Умаров, 72 (1:1).

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (Қ), Гафуржан Сүйімбаев (Златан Шехович, 77), Темірлан Ерланов, Игорь Пластун, Сұлтанбек Астанов, Айбол Әбікен, ​Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (Ловро Цвек, 83) – Артем Беседин (Всеволод Садовский, 67), Жасур Яхшибоев, Шохбоз Умаров (Максим Федин, 77);

«Ақтөбе»: Игорь Шацкий (Қ), Әділхан Таңжарықов (Дмитрий Бессмертный, 88), Әлібек Касым, Габи Кики, Богдан Вэтэжелу, Уче Агбо, Хосе Севальос (Идрис Умаев 88), Леонел Струмия, ​Фредди Гондола (Амаду Думбия, 67), Дорни Ромеро, Жан Жайро (Арман Кеңесов, 79);

"Ордабасы" фк баспасөз қызметі

Осы турдың ең басты орталық ойыны. «Ордабасы» алғаш рет осы маусымда Александр Седневтің жаттықтыруынсыз ойнап шықты. Команданы Александр Кучма бастап шықты. Енді келесі турдан бастап, жаңа бас бапкер Кирилл Кеккер болады.

Айтпақшы, матч алдында екі команданың да басшылары ойыншыларға үлкен көлемде сыйақы болатынын айтып, уәде еткен. Мысалы, «Ақтөбе» басшылығы легионерлердің әрқайсысына жеңіске жеткен жағдайда 3 миллион теңгеден бермекші болған. Бірақ мұны клубтың баспасөз қызметі жоққа шығарды.

Енді ойынға келсек, бірінші таймда «Ақтөбе» есеп ашты. Көзге түскен Хосе Севальос болды. Оның алыстан тепкен добына қақпашы Бекхан Шайзада дайын болмай шықты.

Бірінші кезеңдегі төрешінің жұмысы да көпшіліктің көңілінен шықпады. «Ақтөбе» қорғаушысының өз айып алаңында қолы допқа тисе де төреші пенальти белгілемеді. Матчқа қаратаулық Бағдат Абдуллаев қазылық еткен. Дегенмен ол өз айыбын жуып шайғандай болып, «Ақтөбенің» соққан екінші голын есепке алмады.

Ал екінші таймда «Ордабасы» қарқынын үдетіп, таразы басын теңестірді. Бауыржан Исламханның керемет асырылған пасын Шахбоз Умаров тоқтатпай теуіп, тараз басын теңестірді. Жалпы матч барысында Игорь Шацкий керемет өнер көрсетіп, өз командасын голдардан сақтап қалды. Қорытынды есеп – 1:1.

Осы матчтан кейін Шымкент командасына жаңа бас бапкер келіп, шабуылшы Дарбо кетті.

Еске сала кетейік, «Жеңіс» - «Астана» ойыны «Астана» клубының УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты 29 қыркүйекке шегерілді. Ал QFL премьер-лигасының 19-тур ойындары 31 тамыз - 1 қыркүйек күндері өтеді.

Айдана Мұрат
Бөлісу: