Қазығұрт тауында зейнеткер құтқарылды

4 Шілде, 23:15 474

Түркістан облысында зейнеткер құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ өкілдері Түркістан облысында зейнеткерді құтқарды.

1958 жылы туған турист Қазығұрт шыңын мүлдем дайындықсыз бағындыруды ұйғарды.

Өз бетінше қайтып түсе алмаған қарияға жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: