ҚазҰУ-де оқитын пәк қыздардың тізімі: Қылмыстық іс тіркелді

14 Ақпан, 21:01 2963

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын студенттердің жеке деректері таралып кеткен болатын. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық прокуратураның нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2024 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабыбымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) делінген прокуратура мәліметінде.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде 190 адамнан тұратын топқа студенттер тізімі бар 4 құжат жіберілгені жайлы ақпарат тарады. Онда қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек болған. Тізімде қыздардың аты-жөндерінен басқа, ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері жазылған. Сондай-ақ олардың қайсысы «пәк», қайсысы «пәк емес» екені туралы ақпарат та болған.  

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: