ҚазҰУ-да Қытай-Орталық Азия жоғары оқу орындарының форумы өтті

15 Қазан 2023, 20:02 736

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қытай-Орталық Азияның жоғары білім беру саласындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция: индустрия мен білім берудің интеграциясы» атты ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ауқымды шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмет-Заки, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы Цзян Вэй, Сиань Цзяотун университетінің Президенті Ван Шугуо, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекеме басшылары, ҚХР және Орталық Азия жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: