«Қазтеміртранстың» 3 қызметкері мен 16 кәсіпкердің пара бергені анықталды

20 Наурыз, 00:12 568

«Қазтеміртранстың»  үш қызметкері мен 16 кәсіпкер пара алып-бергені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылы жедел-тергеу іздестіру іс-шаралары барысында «Қазтеміртранс» АҚ филиалының лауазымды адамдары мен жүк жөнелтушілердің қатысуымен сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, олар 2019-2022жжкезеңінде жүктерді тасымалдау үшін қажетті вагондар тапшылығы жағдайында жүк жөнелтушілер мен олардың өкілдерінен жүк тасымалдауға арналған вагондарды кедергісіз бергені үшін жүйелі түрде пара алған.

18 наурызда қылмыстық іс сотта қаралды. Үкіммен «Қазтеміртранс» АҚ-ның 4 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандары бойынша, атап айтқанда пара алғаны үшін кінәлі деп танылдыҮшеуі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, олардың біреуі қайтыс болуына байланысты жазадан босатылды.  

16 пара беруші жүк жөнелтуші-кәсіпкерлер де кінәлі деп танылды, 1кәсіпкер шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылдыөйткені олар пара беру түрінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандары туралы өз кінәларын толық мойындады, қылмыстың ашылуына ықпал етті және жасаған істеріне өкіндіКінәні мойындамаған бір кәсіпкерге қатысты 49 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық қылмысты алғаш рет жасаған адамды тек қана сот шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (Қылмыстық кодекс 65 бабы).

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: