«Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жазаланды

10 Маусым, 15:25 666

Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша заң бұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс соңына қарай «Қазсушар» бас директорының міндетін атқарушы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.

«Қазсушардың» басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: