«Қазпошта» қазақ тілін білмегені үшін қызметкерін жұмыстан қуған ба

6 Наурыз, 15:14 726

«Қазпошта» АҚ қазақ тілін білмегені үшін компания қызметкерін жұмыстан шығарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған видеода пошта қызметкері келушіні түсінбей тұрғандығы байқалады. Оның не айтып тұрғанын түсіну үшін күзетшіден көмек сұраған. Компания бұл оқиға 2021 жылы болғанын хабарлады.

Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазпошта» АҚ қызметкерінің тілді білмеуіне байланысты жұмыстан босатылғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Таратылған бейнежазбада сипатталған жағдай 2021 жылдың сәуір айында орын алған, сол кезде жұмыспен қамту бөлімінен тағылымдамадан өтуші Қазпошта бөліміне электронды кезек талондарын беру функцияларын орындау үшін жіберілген. Тағылымдама кезінде клиенттердің бірі оған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деп ескерту жасаған, - деп түсіндірді «Қазпошта».

Алайда, тағылымдамадан өтуші «Қазпошта» АҚ-ға жұмысқа орналасудан бас тартқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: