«Қазпошта» басшылары 3,5 млн теңге жалақы алады

11 Желтоқсан 2023, 18:00 2473

«Қазпошта» АҚ басшыларының жоғары жалақысы жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған мәлімет бойынша, компанияның басшылық қызметте отырған адамдары 3,5 млн теңге айлық алады.

Кейбір ауылдық жерлердегі пошташылар 20 мың теңге алса, орталық аппараттағы басшылық құрамның айлығы 3,5 млн теңгені құрайды. Ал компания төрағасы Әсел Жанасова компанияда бес басшы – өзі және төрт орынбасары барын айтқан болатын. Шын мәнінде, бастықтар саны 9 болып шықты, оның ішінде алтауы басқарма өкілдері, - делінген мәліметте.

Тараған мәтінде «Қазпошта» қызметкерлері төмен айлыққа шағымданған. Төраға ең төменгі жалақы 35 мың ал ең жоғары жалақы 500 мың теңге деген, алайды шағымданушылар бұл жалған деп отыр.

Олар 20-дан астам адам 1 млн теңден 3 млн теңгеге дейін жалақы алады дегенді алға тартты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: