«Қазмұнайгаз» жаңаөзендік мұнайшылармен келісімге келді

13 Маусым 2023, 19:08 1207

Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері басқа компанияға жұмысқа тұруға келісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазМұнайГаз» бен «Өзенмұнайгаз-дың» арнайы жұмыс тобының Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерімен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде оларды «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін «БерАлидің»  бұрынғы жұмысшыларына бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады», -делінген хабарламада.

Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шаралары «ҚазМұнайГаз» "ҰК» АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізілетіні айтылған.

Айта кетейік, 10 сәуірде Астанаға Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 100-ге жуық қызметкері Астанаға келген еді.  Олар энергетика министрлігі ғимаратының алдына түнеп шыққан еді. Сосын ертеңінде кешке полиция ұстап әкетіп, бірнеше сағат қамауда ұстаған. Сосын   11 сәуірде наразылық білдірушілермен келіссөздер жүріп, олар үйлеріне қайтқан.

Перизат Саденова
Бөлісу: