Қажылыққа барамыз деп алданғандар Қазақстанға 5 шілдеде келеді

3 Шілде 2023, 17:12 1580

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар туристік визамен қажылық жасамақ болған. Ал қажылықты туристік визамен жасауға болмайды. 

Қазақстандық турагенттік Сауд Арабиясына 306 қажылық жасамақ болған азаматты туристік визамен апарған.

Джидда қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына біздің азаматтардан қоңырау келіп түсті. Олар жергілікті полиция учаскесінде отырғанын айтты. Біздің консулдық ақпаратты естісімен оқиға орнына барды. Олар елде қажылыққа сәйкес келмейтін визамен келген. Туристік визамен қажылық жасауға рұқсат берілмейді. Бас консул полиция учаскесіне барып, олардың босатылуына көмектесті. Турагенттік деректері бойынша, Сауд Арабиясына туристік визасы бар 306 адамды апарған, - деді СІМ өкілі. 

Ол барлық қажылық жасамаған еліміздің азаматтарының санын анықтау мүмкін болмай отырғанын айтты. 

Оқи отырыңыз:

Тоқаев қажылыққа барған қазақстандықтарды алдаған туристік компанияны жазалауды талап етті

Қажыларға қиянат жасады. ҚМДБ мен қажылық компаниясы кінәні бір-біріне сілтейді

Себебі 100-ден астам азаматты полиция учаскесінен босатқанда, бірнеше автобус қаланың әр бөлігіндегі қонақүйлерге апарған. Консул бірінші автобустың артынан барып, қонақүйде азаматтарға әрі қарай қажылық жасаудың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді. Кейбір азаматтар елге келіп, құқықтық алаңда арыз жазып, заңгерлерге жүгініп жатыр. Ал кейбір қазақстандық автобустан жолда түсіп қалып, белгісіз жаққа бет алған. Олардың қайда екенін білмейміз. Мүмкін қажылық жасап жатқан болар. Сауд Арабиясы билігі Қазақстанға қажылық жасауға квота бөледі. Егер одан асып кетсе, ешкім қажылық жасай алмайды, - деді ол.

Смадияров туроператордың өкілі ешқайда қашпағанын айтты. 

Ол Сауд Арабиясындағы адамдардың елге оралуына көмек көрсетіп жатыр. Олардың басым бөлігі елге 5 шілдеде келеді. Өйткені туроператор билетті осы уақытқа сатып алып қойған. Одан кейін туроператормен мәселені заң тұрғысында шеше алады, - деді Айбек Смадияров.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: