Қазгидромет: Жексенбі күні бірқатар аймақта қар жауады

18 Желтоқсан 2022, 03:18 1310

Ал елдің орталығы моңғолдық антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады

18 желтоқсанда бірқатар аймақта қар жауады, деп хабарлайды El.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.

Моңғол антициклонының әсерінен елдің орталығында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың батысында, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Алматы, Қостанай облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы ауандарында тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында бұрқасын соғады, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.  

EL.KZ
Бөлісу: