"Қазгидромет" су тасқынының екінші толқыны болу қаупі бар екенін мәлімдеді

14 Сәуір, 17:23 851

"Қазгидромет" су тасқынының екінші толқынының болу қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ведомство баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың мәліметінше, бұл Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың түсуі есебінен (Жабай, Қалқутан және т. б.) және Батыс Қазақстан облысының аумағында Ресей аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен, сондай-ақ Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың түсуі есебінен орын алуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі әдетте жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңдары өтіп жатыр. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда, - деді Алина Исмагулова.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: