Қазгидромет: Алдағы 3 тәулікте аяз болады

5 Желтоқсан 2022, 22:30 5384

Сондай-ақ ел аумағында жақын күндері жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр

Еліміздің басым бөлігінде алдағы үш тәулік бойы жоғары атмосфералық қысымның әсерінен қатты аяз болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ 6-8 желтоқсан аралығында жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ғана атмосфералық фронттың ықпалымен қар, тұман, ал оңтүстікте – көктайғақ орын алуы мүмкін, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Сонымен қатар жақын күндері ауа райының күрт өзгеруі болжанып отырған жоқ.

6 желтоқсан күні Қарағанды, ал 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында -35 градус аяз болады, - деп нақтылады «Қазгидромет».  

EL.KZ
Бөлісу: