"Қазгидромет" 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады

7 Тамыз 2023, 00:25 1188

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ертең еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде жел шаңд дауыл соғады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С, Маңғыстау облысында 38-41°С қатты ыстық болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының  батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында  жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облыстарының орталығында оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Берік Арманов
Бөлісу: