Қазгидромет: 11 желтоқсанда бірқатар өңірде қар жауады

11 Желтоқсан 2022, 08:13 1729

Кей аймақтарда күн борауы ықтимал

11 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 11 желтоқсан таңертең және күндіз орталықта солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылордада солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран болады. Батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төмен қарлы боран болуы ықтимал. Солтүстіктен соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында төмен қарлы боран соғады деп болжанып отыр. Күндіз облыстың шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Күндіз тау асуларында төмен қарлы боран болады. Күндіз таулы аймақтарда солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде.

EL.KZ
Бөлісу: