«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталды

4 Сәуір, 09:10 1067

Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бюджет қаражатының жымқыруына қатысты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды, - делінген ақпаратта.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: