«ҚазАвтоЖол» тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады

7 Қаңтар, 22:21 1243

7 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күтілуде, яғни қалың қар жауып, қатты жел соғуы мүмкін, салдарынан көрініс шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, мұндай ауа райының қолайсыздығы 2024 жылдың 8 қаңтары сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар.

Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз. Ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал  жөніндегі ақпаратты алуға болады.

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: