ҚазАвтоЖол: Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады

24 Сәуір, 11:00 569

ҚР Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: