"ҚазАвтоЖол" 70 мың жүргізушіге қарызын қайтарып жатыр

16 Қазан 2023, 16:24 904
"ҚазАвтоЖол" 70 мың автожүргізушіге ақша қаражаттарын қайтарып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
 
Қарағанды көлік прокуратурасы автокөлік жүргізушілерінің құқықтарына қайшы келетін талапты анықтады.
Атап айтсақ, жедел жол қызметтерін тұтынушылар көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған төлемдерді қайтара алатын тармақ болмаған. Бүгінгі таңда, тиісті түзетулер енгізіліп, ақпарат беру мақсатында "Қазавтожол" АҚ-ның ресми сайттарында орналастырылды (www.qaj.kz, www.1403.kz). Жалпы, прокуратураның талдауы Қарағанды облысы бойынша 69 мың автокөлік жүргізушісіне төлемдер қайтарылып жатыр, - дейді Бас көлік прокуратурасы.
Прокуратураның айтуынша, "ҚазАвтожол" 38 млн теңгеден астам сомаға аванстық төлемдерді қайтармаған.
Сондай-ақ Ұлттық оператордың мүдделерін қорғау өте әлсіз жүргізілгені анықталды, себебі осы қызметтерді 138 мың тұтынушының 3 жыл ішінде жалпы сомасы 50 млн теңгеге берешегі жинақталғаны белгілі болды, - дейді ведомство.
Яғни, ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін уақтылы қаражат төлемнгендерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында көліктік бақылау инспекциясына жолданбаған. Прокуратураның актісі бойынша "Қазавтожол"АҚ филиалының басшылары үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
Бұл жұмыс Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілетін болады, дейді прокуратура мамандары.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: