Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі заң күшіне енді

1 Шілде 2023, 16:12 1149

"Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы саладағы уәкілетті орган ретінде айқындалған.

Заңда уәкілетті органның құзыреті белгіленген – ол нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақ ит тұқымдарының Ұлттық орталығын құру.  

Қазақстанда алғаш рет құрылатын қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ " РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ұлттық орталыққа стандартқа неғұрлым сай, оның ішінде сыртқы-конституциялық сипаттамалары, өзге де қасиеттері сәйкес келетін тазы мен төбет іріктеп алынады, олардан кейіннен таза тұқымды иттер шығарылады. Аталмыш орталықтың жұмысына ғалымдар мен білікті кинологтар шақырылады.

Сондай-ақ, Ұлттық орталықта қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірленеді, сарапшылар мен кинолог мамандарды оқыту жүргізіледі. Әзірленген стандарттарға сәйкес тазы мен төбеттің бірыңғай кітабы жүргізіліп, олардың шығу тегі туралы куәлік беріледі.

Комитеттің бастамасымен жұмыс тобы құрылды. Оған уәкілетті органның, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кинологтар, қазақы ит тұқымдарын өсірушілер кірді. Қазіргі таңда жұмыс тобы Ұлттық орталықтың қызметкерлер құрылымын, штаттық кесте және біліктілік талаптарын әзірледі.

Сондай-ақ, Президентіміз тазы мен төбетті қазақы ит тұқымдары ретінде әлемге таныту міндетін қойды.

Осыған орай, 2023 жылдың мамыр айында Бельгияның Тюэн қаласында Қазақстан кинологтар одағының президенті мен Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) басшысыvty келіссөздер жүргізді. Кездесу аясында ҚКО-ның FCI-ге толық құқылы мүшелігіне ресми өтінім берілді. Бұл мәселе Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас ассамблеясында 2023 жылғы 21-22 тамызда Женевада (Швейцария) қаралатын болады.

EL.KZ
Бөлісу: