Бүгін жазушы, қазақтың тұңғыш романист қызы Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толып отыр. Ол Орта Азия елдерінде тұңғыш роман жазған әйел қаламгер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сара Рахманқызы 1924 жылы 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара-Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқыған. Одан кейін оқу – ағарту саласында жауапты қызметтер атқарған. 1954 жылдан бастап Талдықорған, Алматы облыстық газеттерінің редакцияларында қызмет істейді. 1971 – 1983 жылдары Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған. 1970 жылы «Қыр қыздары» романы, 1981 жылы «Әйел бақыты», 1984 жылы «Төзім шеңбері» романдары жарық көрген белгілі жазушы – публицист.
Шығармашылық жолында аудармаға ерекше ден қойып, Вьетнам көркем әдебиетінің алғашқы прозалық шығармасы, Нгумен Ванның «Буйвл» повесін, Абхазия кеңес әдебиетінің классигі Иван Папаскиридің «Женская честь» романын, «Алтын Прага ертегілерін», «Солдат хаттары» суреттемелер жинағын, балаларға арналған шағын кітапшаларды қазақшалаған.
Кейін қаламгердің «Қыр қыздары» романы, 1981 жылы «Әйел бақыты», 1984 жылы «Төзім шеңбері» атты романдары жарық көрді. Сара Рахманқызының жанында жүріп, жазушылық шеберлігін өзіне үлгі тұтқандардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мағира Қожахметова.
Жазушы Abai tv «Ұмытпаймыз» бағдарламасында берген сұхбатында Сара Мыңжасаровамен қалай танысқандығы жөнінде айтады.
Бұл кісі бүкіл қазақ басылымдарының жалпы таралуына керемет еңбегі сіңген адам ретінде оны редакция сыйлайтын, сескенетін. Мен ол кісімен Мәриям Хәкімжанованың үйінде таныстым. Содан жақын араласып кеттік. Мені таңқалдырғаны керемет білімділігі, сауаттылығы, ешбір қазақ әйелі, еркектерінің бойында жоқ көптеген қасиеттер, соның ішіндегі білімділікті осы Сара апамнан байқадым, – дейді жазушы Мағира Қожахметова.
Сара Мыңжасарова орысша, қазақша да екі тілде бірдей кітап жазған. Мағира Қожахметова жазушы ретіндегі ерекшелігі өте көп екенін тілге тиек етті. Айтуынша, өзінің шығармашылық жолын бірден роман жазудан бастаған. Өте білімді болған және білімділігінің сыры арғы тегінде жатыр деп отыр.
Әке-шешесінің әсері көп болған. Әсіресе, анасы ықпал еткен. Анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Біздер сияқты ұсақ тақырыптардан бастап жазбаған. Бірден эпикалық, шығармалар, қазақ қызының қоғамдағы өмірі, салт-дәстүрі, әйел жазушылардың ішінде қазақтың болмысын суреттеуге тырысқан осы кісі, – дейді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Меңдігүл Шындалиеваның сөзінше, Сара Мыңжасарова тек қана повест, роман жазып қана қоймай, таза публицистикамен айналысқанын жеткізді.
Қазақ журналистикасына көп үлес қосқан адам. Қазақ және орыс тілдерінде өте жақсы сөйлеген және жетік меңгерген. Редакторлық қасиеті бар, Кеңес дәуірінде үлкен мемлекеттік қызметтерде болған. Өзім 2000 жылдардың басында біле бастадым. «Төзім шеңбері» романын талдау арқылы ол кісімен таныстым. Еңбегі үздік шығарманың қатарына жатады, – дейді профессор.
Меңдігүл Шындалиева жазушының «Төзім шеңбері» романы «Осылай ма едің, махаббат», «Ұждан», «Ой үстінде», «Кездесу», «Қанаттану», «Дүние кезек» деген алты бөлімнен тұратынын айтты.
Әкесі теміржолшы, қарапайым жұмыс істесе, анасы білімді және өте сауатты адам болған. «Анасының үйінде арабша жазылған кітаптап, құрандар сақталынып, діни тақырыпта көп әдебиеттер болған екен. Ең қызығы анасы Ленинді де көп оқыған. Ылайық анамыз құранды өте жақсы меңгерген. Бірде Ылайық деген мұғалімнің үйінде діни кітаптар бар, соны тығып ұстап отыр деп КСРО ішкі істер халық комиссариатынан арыз келіп түседі. Бұл жаңалықты Ылайық анамызға біреулер жеткізеді», – дейді.
Сара Мыңжасарованың анасы Петербургтан келген мұғаліммен бірге жұмыс істеген. Сол кісінің ықпалы болып, бұл қиындықтан аман қалады.
Содан олардың қорыққаны сонша әкесімен заңды түрде ажырасып кетеді. Өйткені ажыраспаған жағдайда екеуі бірге айдалып кетуі мүмкін еді. Содан Сара апамыз әкесінің жанында қалады да, Ылайық апамыз Мәскеуге кетеді. Сол жерде курс оқып, сертификат алып, бірнеше айдан кейін қайта оралады. Бірақ ол екі ортада психикалық жағынан көптеген қиындықтар болады. Үйдегі былғарыдан жасалған діни кітаптардың бәрін әкесі екеуі бала кезінде өртеген екен. Өртеген кезде Сара апам: күйген былғарының иісі өмірі есімнен кетпейді деп айтатын, – дейді Мағира Қожахметова.
Сара Мыңжасарова 1952 жылы аудармашы мамандығы бойынша екі жылдық партия мектебін бітірді. «Семиреченская правда», «Сталиншіл», «Коммунизм таңы», «Казахстанская правда» газеттерінің редакцияларында жұмыс істеді.
1971 жылы орталық партия комитетінің ұсынысы бойынша Байланыс министрлігінің баспасөз тарату бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Осы кезеңде Сара Рахманқызы қазақ тіліндегі газет, журналдардың, жарық көретін кітаптардың кең таралуына өлшеусіз үлес қосты. Ұлтын сүйген жүрек қалауының арқасында 1970-1982 жылдары 15 миллион Қазақстан халқына шаққанда 19 миллион дана газет-журнал таратуға қол жеткізілді. Орыс әріптестеріне «Қазақ кітаптары өтпейді» деген сөзді қойдырған да өзі еді. Орысша жазып, сөйлегенде, алдына жан салмайтын Сара Мыңжасарова «орыс баспасөзіне қауіп жоқ, сендер қазақ баспасөзін сол дәрежеге жеткізуге міндеттісіңдер, сендер осы орында отырғанда, қазақ баспасөзінің жолына кесе көлденең жатқандарыңда, қазақ басылымдарының таралымы өспейді, қане, дереу іске кірісіңдер» деп қатты айтудан сескенбеді.
Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, шығармаларды аударумен айналысқан. Алғашқы еңбегі «Қыр қыздары» романы 1960 жылдары жазылған, бірақ 1970 жылы ғана жарық көрген. Роман баспалары ұзақ уақыт бойы баспаған. Әріптестері де көмектеспеген. Әбдіжәміл Нұрпейісов романды оқуға уақыты жоқ екенін айтқан. Бірақ Ахмет Жұбанов оқып, тәнті болады. Соның бәріне қарамастан, роман (шағын тиражда жарық көрген) жылдың үздік туындыларының бірі болған.
1981 жылы «Әйел бақытты» атты екінші романы жарық көргеннен кейін, оқырмандар келесі шығарманы асыға күтті. Сара Мыңжасарова қазақ қыздарының ішкі азаттығын, бүкіл қасиетін ең бірінші жазған қаламгер. Сондай-ақ ол қазақ мәдениеті мен әдебиетіне елеулі үлес қосқан, өнер мен ғылымда өз ісінің шебері. Сара Мыңжасарова туралы мәліметтер оның шығармашылығына, еңбектеріне және қоғамдағы рөліне байланысты.
Жазушы қазақ әдебиетінің дамуына, әсіресе, поэзия мен прозасына ықпал еткен. Ол ұлттық құндылықтарды насихаттап, жастарға өнеге көрсету мақсатында көптеген шығармалар жазған. Оның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің байлығын ашып, оқырмандардың рухани дүниесіне әсер етті.
Сара Мыңжасарованың жетістіктері мен еңбектері қазақ мәдениеті мен әдебиетінде маңызды орын алады. Көптеген еңбектер жазды, оларда ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді насихаттады. Жастар арасында мәдениет пен білімді дамыту үшін белсенді жұмыс істеді, әдеби кештер мен конференцияларға қатысып, шығармашылығын танытты. Оқушылар мен студенттерге білім беруде үлесін қосып, жастарды тәрбиелеуге арналған жобаларға қатысқан.
Қазақ әдебиетінде ұлттық идентитетті нығайтуға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше үлес қосты. Сара Мыңжасарова қазақ мәдениетінде елеулі тұлға ретінде танылып, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық мұра қалдырды.
Профессор Меңдігүл Шындалиева қазақ әйелдерінде прозаның үлкен түріне, оның ішінде роман жазуға бел байлаған адамдар аз екенін айтады.
Сара Мыңжасарова осы уақытқа дейін өзінің бағасын ала алмай келе жатқан, жасаған еңбегі мен қызметіне тиісті баға алмаған жазушылардың бірі. 95 жылдығына орай біз Ақтөбе облысының әкімшілігіне, тіл басқармасына, тағы басқа мекемелеріне хаттар жазып, шығармашылығын насихаттау мақсатында және атын қазақтың жанында қалдыру,өзі оқыған мектепке, көшеге атын беру туралы ұсыныс жасаған едік. Бірақ мемлекеттік мекемелерде ешқандай жауап келмеді. Әлі де біз соған жұмыс істеп жатырмыз. Ол кісінің еңбегі қазақ үшін орасан, – дейді профессор Abai tv «Ұмытпаймыз» бағдарламасында берген сұхбатында.
Сара Мыңжасарова — қазақтың белгілі ақындарының бірі, ұлттық әдебиетімізге елеулі үлес қосқан тұлға. Ол қазақ поэзиясында танымал болған, шығармаларында халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін, махаббатты және табиғатты шебер бейнелеген.
Поэзия: Сараның шығармалары терең эмоцияларға толы, ұлттық рухты дәріптейді. Оның өлеңдері жастарға патриоттық рух беру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған.
«Сені ойласам» атты өлеңі бар. Оның шығармалары мен қоғамдық қызметі ұлттық мәдениетті нығайтуға және жастардың тәрбиесіне зор үлес қосты.
Сара Мыңжасарова аудармашы ретінде де белгілі. Ол қазақ әдебиетіне шетелдік классикалық шығармаларды, сондай-ақ заманауи әдебиетті қазақ тіліне аударумен айналысқан. Аудармалары арқылы ұлттық мәдениетке басқа тілдердің әдебиетін енгізіп, қазақ оқырмандарының әдебиет әлемін кеңейтуге үлес қосқан. Аудармашы ретіндегі жұмысы оның шығармашылық әлеуетін және әдебиетке деген сүйіспеншілігін көрсетеді.
Меңдігүл Шындалиева шетел әдебиетін көп аударғанын айтты. Оның ішінде Вьетнам әдебиеті, Кавказ әдебиеті, ТМД әдебиеті, тәжік-өзбек, тағы басқе елдің әдебиеттерінен шығармаларды аударғанын жеткізді.