Қазақтың бас биі Омар Жәлелдің тойда билеп жүргені талқыға түсті

14 Тамыз 2023, 11:00 1457

Әлеуметтік желіде абайтанушы Омар Жәлелдің іс-шарада асыр салып билеп жүрген видеосы таралған еді. Енді белгілі журналист Данияр Есен Facebook парақшасында Омар Жәлелдің тойда билеп жүрген сәтін желіге салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтың бас биі атанған Омар Жәлел бұған дейін заманауи биімен жұртты қайран қалдырса, бұл жолы тойдағы қазақы әндерге билеп, көпшіліктің көңілін көтерді.

"Біріншісіндей қызығушылық болмады Жалғыз келіншекпен билеп жүргесін шығар", "Билік басындағы билер халықпен араласып, ара-тұра билеп, қырыс-тырыстарын жазып тұрғаны жақсы...", "Бұл кісімен билесең бір кәнсерт екен Ритмде,қасындағы адамда шаруасы жоқ өзінің биі бар соған салып ұра береді", - деп пікір жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін билеген биіне сын айтқан халыққа ол былай деп жауап берген еді:

Алайда Омар Жәлелдің өзі болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Менің билегенімді Мансұр деген жігіт бар, сол TikTok желісіне салып қойыпты. Бүкіл желі ”Бас биіміздің түрін қара” деп шулап жатыр. “Мынаны Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Төле би көрсе, жүрегі жарылып өлер еді” деп жазыпты. Сонда адамға билеуге болмай ма? Конституцияда, салт-дәстүрімізде билеуге тыйым салынбаған. Мысалы, атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақта бұрын сал-серілердің бәрі билеген. “Аққу” биі, “Бүркіт” биі деген билер болған. Қытайдың қазақтары әлі күнге дейін басына стақан қойып, су құйып, “Аққу”, “Бүркіт” биін билейді. Біз қазір өзіміздің надандығымызбен биді жоққа шығарып отырмыз. Негізі би деген – сенің Құдаймен байланысқа шығуың, – дейді Омар Жәлел. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: