Қазақтарды мәңгүрт деген Тина Канделаки Қазақстанға келе ме? СІМ пікір білдірді

22 Қаңтар, 12:24 1885

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакиге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғам өзі енді жауап берді ғой. Бір апта қызу талқыланды. Оған не қосайын енді? Өз есесін алды ғой. Ең өкініштісі, солай айта беретін шетел азаматына жауап бере берсек, онда өзіміздің қанша ішкі мәселесі қалып қалады. Соған көңіл бөлейік. Сырттан біреу ананы айтты, мынаны айтты деп назар аудара берсек, уақытымыз да жетпейді, - дейді ол.

СІМ өкілі көрші елдің азаматтары елдегі жағдайдан хабарсыз екенін атап өтті.

Екінші өкінішті мәселе, көрші елдегі азаматтар біздің елдегі мәселені білмейтіні адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені, біз туралы ақпарат дұрыс емес. Біздің елге, қалай өмір сүріп жатқанымызды келіп көрсін. Ойдан шығарып жаза бергеннен енді, әлеуметтік желіде қырылысқанша өзіміздің жұмысты ары қарай жалғастырайық, - дейді Айбек Смадияров.

Тина Канделаки Қазақстанға кіруге рұқсаты жоқ адамдардың тізіміне кіретінін де атап өтті. 

Тізімді қайта-қайта сұрай бересіздер. Бір-екі-үш деген ондай тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезже шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келген жағдайда кірмейді, деп жауап берді ресми өкіл.

Айта кетейік, Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Канделаки «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудыратын шешім екенін алға тартқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: