Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы өмірден озды

6 Желтоқсан 2023, 15:41 2662

Тоқсаныншы жылдар басындағы кәсіпқой боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды. Ол отандық былғары қолғап шеберлері арасында кәсіпқой боксқа алғаш болып қадам басқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Есболат Нұрмановтың бақилық болғанын Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей мәлімдеді.

Суыт хабар.... арамыздан Әйгілі, атақты боксер Есболат Нұрманов мәңгілік мекеніне кетіпті. Егемен елдің тұңғыш кәсіпқой боксшы, 17 жасында бокстан СССР құрама командасының мүшесі болған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Ол Арал өңірінің тумасы. Екеуміз сонау 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның гидрогеология, барлау техникасы факультетінде бір топта оқыдық. 1990 жылдардың ортасынан Кеден қызметінде жұмыс істеді. Иманың саламат болсын», – деп жазды Ғабиден Жәкей әлеуметтік желідегі парақшасында.

Есболат Нұрманов (29.02.1970 ж. - 4.12.2023 ж) кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: