Қазақстанның жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте нешінші тұрғаны анықталды

Кеше, 14:59 221

Қазақстан Transparency International индексіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижесін тағы да жақсартты. Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтеріліп, 88-орынға тұрақтады.

Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан – ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел.

Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: