Қазақстанның жасөспірім қыздары хоккейден әлем чемпионы атанды

2 Ақпан 2023, 10:26 1277

Қазақстандық хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздар бесінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түсті. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.

Бұған дейін ҚР хоккейшілері Болгарияны - 8:1, Жаңа Зеландияны - 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0 есебімен жеңген еді.

Қазақстандық хоккейшілер бесінші кездесуінде Исландия құрамасымен кездесті. Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Қорытынды ойын кестесінде қазақстандық хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы Бельгияның 11, Исландияның 9, Жаңа Зеландияның 6, Болгарияның 4, Эстонияның 0 ұпайы бар.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер енді екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.

EL.KZ
Бөлісу: