Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

3 Маусым, 14:41 683

Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола: Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: