Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев көптеген мемлекеттер мен ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақпен қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін және одақтың экономикалық серіктестерінің аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.
– Ертең осы жерде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысы өтеді. Сіз одақтың атқарушы органына төрағалық етіп, жүктелген міндеттерді табысты атқарып келесіз. Алға жылжи беруіміз керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Тигран Саркисян экономикалық одақты дамыту ісіндегі жетістіктерге тоқталды.
– Интеграцияны және Өзіңіз 25 жыл бұрын ұсынған идеяны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Міне, 5 жыл бойы осы жобаны іске асырып келеміз. Өзіңіз ширек ғасыр бұрын көрегендік танытып, бұл бастама елдеріміз үшін аса қажет болды, – деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының
Оқи отырыңыз:
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЭМОМАЛИ РАХМОНМЕН КЕЗДЕСТІ