Қазақстанның цифрлық өнімдерін шетелдіктер сатып алып жатыр – Дмитрий Мун

3 Қыркүйек, 18:17 576

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Дмитрий Мун еліміздегі бірегей цифрлық шешімдерге шетелдіктер қызығатынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің компания 20 жылдан бері электронды үкімет құрумен айналысып келеді. Барлық азамат көріп жүрген Egov.kz сайты жұмыстың бер жағы ғана. Оның астында түрлі мемлекеттік органның 400-ден астам ақпараттық жүйесі жатыр. Олардың көпшілігін біздің компания сүйемелдейді. Мәліметтер базасын біріктіретін түрлі қызмет бар. Себебі адамның бір өмірлік мәселесі үшін бірнеше мемлекеттік органнан құжат алуы керек. Егер де тұрғындар осыған дейін бір органнан екіншісіне барып кезекке тұрып жүпрсе, қазір бір батырманы басу арқылы бірнеше органның қызметін ала алады, - дейді ол.

Дмитрий Мунның айтуынша, компанияда 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Бізде 1990 адам жұмыс істейді. Олар өңірлердегі филиалдарда қызмет етеді. Мемлекеттік органдар жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын жұмысты атқарады. Соңғы 4 жылда біз орталықтандырумен айналысамыз. Біз азаматтардың 158 өмірлік жағдайын бастан кешіріп, оның қызмет алуын қамтамасыз етіп отырмыз. Өмірлік мәселені жеңілдете түсетін қызметті банктермен бірлесіп те жүзеге асырдық. Келесі жылы біз іске қосқалы отырған жоба бар. Ол жасанды интеллектіні қолдана отырып, бала тууы кезінде қолғабыс көрсетуді ұсынады. Ол бірнеше тілде тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Біздің миссия халықтың өмірін барынша жеңілдетіп, мемлекеттік органдарға жұмсалатын уақытты қысқартып, оны обасына арнауына көмектесу, - дейді Мун.

Сарапшы атағандай, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Қазақстан БҰҰ рейтингісінде 8-орында.

Қазіргі таңда біз әлем бойынша БҰҰ-ның цифрландыру бойынша рейтингінде мемлекетік қызмет көрсетуден  8-орында тұрмыз. Ал Қазақстан әлем бойынша әкімшілік жүйені қолданып, ірі қызметтерді атқарған елдердің бірі. Біз қағаз құжатпен бірге цифрлық құжатты істей бастаған елміз. Көптеген елде бұл жұмыс кейінірек іске қосылды. Екі мың тұрғынға қолданылып жатқан жасанды интеллектіні де 2-3 ел енгізді. Көп ел біздің тәжірибемізге қызығады. Оның ішінде отбасының цифрлық картасы бар. Ол осы жылдың басында жоба Дубайда өткен цифрлық трансформация мен инклюзивтіліктің халықаралық сайысында 300 жобаның ішінде бірінші орынды ұтып алды, - дейді Мун.

Оның айтуынша, цифрлық шешімдер тәжірибесіне өзге елдер қызығып қарайды.

Біз проактивті мемлекеттік қызметті өмірлік жағдайларға қатысты жүзеге асырамыз. 3 млн проактивті мемлекеттік қызмет жүзеге асырылды. Осындай жоба БҰҰ дамыту бағдарламасы аясында назарға алынды. Осы жобада біздің жұмысымыз бірегейміз. Көп ел бізге келіп, тәжірибе мен кеңесімізді сұрайды. Барлық мемлекеттік органға арналған бір сайт - интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы деп аталады. Цифрлық құжаттандыру біздің елдегі деңгейде дамымаған өзге елдерге мәліметтер базасы мен мемлекеттік органдардың сайтын, egov.kz порталын жасауы керек. Біз бір платформада 4 мың сайтты біріктірдік. Осы жобамызды үш елге экспорттадық. Тәжікстанда 5 сайтты біріктіру бойынша жұмыстары екі апта бұрын басталды. Қазір біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, шетелде Қазақстан атынан грант ұсынамыз. Қазір өз өнімдерімізді ақылы қылатын модельді әзірлеп жатырмыз, - дейді ол.

Еске салсақ, Үкімет басшылары мен технологиялық сарапшылар Азия-Тынық мұхиты аймағындағы цифрлық алшақтықты жоюдың маңызды міндеттерін талқылау үшін басқосты. Қатысушылар серпінді шешімдерді енгізуге, келісілген саяси шеңберлерді құруға және тұрақты дамуға ықпал ететін инновацияларға инвестицияларды арттыруға шақырды.

БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) Қазақстан Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлер конференциясы инклюзивті цифрлық экономикалар мен қоғамдарды құруға жәрдемдесуге бағытталған. Цифрлық теңсіздікті жою, цифрлық қосылымды жақсарту, цифрлық дағдыларды сапалы оқытуды қамтамасыз ету және цифрлық кеңістікте сенім мен қауіпсіздікті қалыптастыру басты назарда.

Министрліктің цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі конференциясы, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) мен Қазақстан Үкіметінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылды. Конференция цифрлық экономикалар мен қоғамдарды инклюзивті етуге бағытталған. Оның негізгі мақсаты – цифрлық алшақтықты жою, цифрлық байланысты жақсарту, сапалы цифрлық дағдыларды оқыту және цифрлық кеңістіктегі сенім мен қауіпсіздікті нығайту.

Цифрландыру қалыпты жағдайға айналды. Ол біздің экономикамызды түрлендіруде, құндылықтарды құру және әлеуметтік құрылымдарды өзгерту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін шешуге көмектеседі. Дегенмен, цифрлық трансформация бұрын-соңды болмаған күрделілік пен белгісіздіктің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерімен бірге байланысты, - деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және АТМЭӘК Атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана.

Айдана Мұрат
Бөлісу: