Қазақстанның Терроризмге қарсы орталығының отырысы өтті

25 Тамыз 2023, 03:30 992

2023 жылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е. Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдері, аумақтық арнайы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.  

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша 2028-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелері қарастырылды. Әлемдік терроризм индексіндегі «терроризм әсерінен азат ел» рейтингі бойынша Қазақстан 2017 жылғы 67 позициядан ең жоғарғы 91 позицияға дейін көтерілді.

2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл құжат Мембағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.

Жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша мәселелерге көңіл бөлінді. Бұл категориядағы адамдардың радикалды идеологияға бой ұсынуларына жол бермеу мен одан алшақтату бойынша ортақ шаралар бекітілді.

Отырыс нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

Берік Арманов
Бөлісу: