Қазақстанның сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңына өзгеріс енді

28 Наурыз 2023, 10:02 1022

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

EL.KZ
Бөлісу: