Қазақстанның СІМ басшысы Ресей елшісімен кездесті

17 Тамыз, 07:29 442

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы сапарлардың кестесі талқыланды.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша пікір алмасылды.

Зарина Арман
Бөлісу: