Қазақстанның қарызы қанша?

1 Наурыз, 15:25 1172

Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтынада ЕЭО мүше елдердің  бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызына қатысты есеп жарияланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанда бюджет тапшылығы 30,5 %-ке өссе, Арменияда 5,2 %-ке өссе, ал Ресейде 2,0%-ке артты.

Қазақстан мен Ресейдегі бюджет тапшылығын жабу үшін ақшаның басым бөлігі ұлттық қорлардан алынды. Мемлекеттік қарыздың көлемі бір жылдың ішінде Арменияда 14,6%, Қазақстанда - 7,3%, Қырғызстанда – 17,1% өскен. Армения мен Қырғызстанда мемлекеттік қарызда сыртқы берешек басым болса, Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз артып отыр.

Биылғы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) көрсеткіш керісінше азайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: