Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектеп салынады

9 Қараша 2023, 16:44 1885

Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын бірнеше мектеп салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ынтымақтастық пен барлық деңгейде іс-жүргізу үшін бізге орыс тілі қажет. Қазір біз аудармашылардың көмегінсіз-ақ бір-бірімізді тікелей түсініп отырмыз. Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар. Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальды түрде талқылап жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ Ресейде Қазақстан президентіне орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғыс білдіретінін жеткізді.

Ресей президенті бұл идеяның іс жүзінде жүзеге асу кезеңіне өткенін айтып, Тоқаевқа рахметін айтты.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біз сіздің бастамаңыздың маңыздылығын бағалай аламыз және ол үшін сізге алғыс айтамыз, – деді Владимир Путин.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: