57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «ОҚ-ЖЕТПЕС» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.
Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті.
Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.