«Қазақстанның инвестициялық қоры» 12 компанияны жекешелендіріп алған

23 Қазан 2023, 16:55 572

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында «Бәйтерек» «ҰБХ» АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын ҚИҚ-ның 100% акциясын қайтару қамтамасыз етілді. Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу басталған кезде Қордың Қазақстанның Даму Банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған. 

Агенттікпен қабылданған шаралармен, соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен берешек үш есеге төмендетілді. 

Сонымен қатар, 12 еншілес компания Қордың бақылауына қайтарылды. Бұл металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия. 

ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды. 

Сондай-ақ, «Dosjan Temir Joly» АҚ жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген. 

Активтерді мемлекет пайдасына қайтару жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: