Қазақстанның Халық жазушысының жары Заида Бекхожина өмірден өтті

10 Мамыр, 16:21 765

Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина дүниеден өтті, - деп жазылған хабарламада.

Заида Бекхожина ұзақ жылдар бойы мектепте тарих пәнінен сабақ берген. Ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің жұбайы. 

 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: