Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің туғанына 120 жыл

28 Тамыз, 11:18 341

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Жүсіпбек Елебековтің туғанына 120 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Жүсіпбек Елебеков Абай атындағы опера және балет театрының спектакльдеріне қатысып, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында Әлібектің, «Қыз Жібек» пен «Айман-Шолпан» операсынан Төлеген мен Арыстанның партиясын орындады. Көптеген драмалық спектакльдерде ойнады.

Әншінің репертуары негізінен халық әндері мен халық композиторларының сыршыл туындыларынан тұрады. Ол орындайтын әндер әуезді, ерекше талғаммен таңдалған. Елебеков ән әуенінің терең сырын ашып, бояуын құлпырта түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: