Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 1,2% артты

15 Қазан 2023, 01:16 779

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 18 518,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2% көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-тамызда тауар экспорты 7 050,4 млн АҚШ доллары (20,5% көп), импорт 11 468,2 млн АҚШ доллары (7,9% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,2%, Беларусьте – 3,3%, Қырғызстанда – 4,7%, Ресейде – 91,8%.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,2%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 23,7%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,7%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,2%.

Берік Арманов
Бөлісу: