Қазақстанның дәнді дақылдары

29 Қазан 2021, 20:02 6011

Қандай түрлері бар?

 

Еліміздегі астық өндірісі қазіргі нарық жағдайында аса маңызды салалардың бірі. Сол себепті дәнді дақылдар өндірісінің көлемін арттыру ел экономикасын тұрақтандырудың аса маңызды резерві екені рас. Астық дақылдары ішінде әсіресе дәнді дақылдардың өнімділігі жоғары. Осы орайда «Қазақстанның дәнді майлы дақылдары мен шөптерінің ең жақсы сорттары» кітабын негізге ала отырып, күздік дәнді дақылдардың түрлері жайында әңгімелейтін боламыз.

  

 

Псевдо-Меридионале сорты Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтінде (Орта азиялық станция) Шаповаловка күздік ақ бидайынан жеке іріктеп алу әдісімен өсіріліп шығарылды. Бұл псевдо-меридионаленің түр бөлігіне жатады. Масағы ақ, қылтықты, қара болады, жапырағы түкті. Дәнінің ірілігі жағынан Жамбыл облысында аудандастырылған күздік бидайлардың барлық сорттарынан асып түседі (1000 дәннің салмағы 45-50 г.). Дәні ак, жылтыр тартылуы орташа, бірақ нандық, сапасы онша емес. Бұл сорттан пісірілген нанның кемшілігі үгілгіш келеді және тез кеуіп кетеді.

 

Псевдо-Меридионале 122-А тез пісетін сортқа жатады. Жамбыл облысында аудандастырылған жергілікті Ақбидай мен Кызылбидай сорттарынан 2-5 күн бұрын піседі.

 

Масағының ұзындығы 110-130 см, серпімді болады. Әшейін жылдары жатып қалуға берік келеді, бұл егінді комбаинмен жинауға мүмкіндік береді. Кейбір жауынды-шашынды және қатты жел соққан жылдары ғана жатып қалады. Құйылуға беріктігі жағынан республикада егілетін күздік бидайдың барлық сорттарынан жақсы болады. Ауа райының қандай жағдайында болсын, тіпті өте пісіп кеткен кездің өзінде де құйылмайды, бірақ тартуға қиын болады.

 

Кейбір жылдары қатты қаракүйемен зақымдалады. Басқа ауруларға аз зақымдалады.

 

Суармалы аймақтарға аудандастырылған Псевдо-Меридионале 122-А түсімділігі жағынан барлық сорттардан асып түседі. Мысалы, Жамбыл ауданындагы суармалы сорт сынаушы участогінде 11 жылдың ішінде орта есептен гектарынан 49,1 центнерден өнім алынды. Шөп-танапты ауыспалы егіс системасының барлық түрін меңгеріп, сорт сынаушы участок соңғы бес жылдың ішінде (1948 — 1952 жылдары) осы сорттан мол өнім — гектарынан 56,4 центнерден алды. Кейбір жылдары гектарынан алынған өнім 62,7 центнерге (1948 жылы) 64,0 центнерге (1950 жылы) жетті.

 

Сорт сынаушы участоктың көп жылдық мәліметіне қарағанда, ПсевдоМеридионале 122-А түсімділігі жағынан Гостианум 237 ден гектарынан 5,1 центнер, Қызылбидайдан – 7,5 жергілікті Беленькаядан – 10,9 центнер асып түседі.

 

Колхоздарда кеңінен жүргізілген өндірістік сынау да Псевдо-Мерионале 122-ның мол өнім беретіндігін дәлелдейді. Мысалы, Жамбыл ауданының «Октябрь» ауыл-шаруашылық артелінде 1952 жылы екі вегетациялық суаруда гектарынан 28,0 центнерден, осы ауданның «Жас өркін» колхозында үш вегетациялык суаруда гектарынан 38,0 центнерден, ал Сталин атындағы колхозында 1952 жылы 20 гектардан 32,0 центнерден өнім алынды.

 

Жамбыл облысының суармалы аймағына аудандастырылған. Қыстың жылы болатындығынан мүлде үсіп сиремейді, Көктемгі өсіп-өркендеу кезіне өсімдіктің 82 проценттен 100 процентіне дейін аман шығады.

 

Псевдо-Меридионале 122-А тіпті жаңа сорт (1951 жылы аудандастырылған) және оның әзірге көлемінде (сортты егістің жалпы көлемінің 0,9 проценті) үлкен емес. Мол анімділігін, жатып калуға беріктігін, төгілмейтіндігін және басқа да жақсы сапаларын еске алып, оның көлемін суармалы жердегі барлық сортты егіс көлемінің шамамен 40 процентіне дейін жеткізген жөн. Оның есебіне өнімі аз суармалы сорттардың – Қызылбидайдың және Жергілікті Беленькаяның көлемін азайту керек.

 

Псевдо-Меридионале 122-А өндіріс жағдайында әлі де аз сыналып таратылғандықтан, оны өсірудің негізгі агротехникалық, әдістеріне тоқтап өту артық болмайды.

 

Жамбыл сорт сынаушы участогінің тәжірибесі мынаны көрсетеді: мұнда сиыржоңышқа-сұлы қоспасы егілген пардан 64 центнерге дейін өнім алынады. Сорт сынаушы участокте осы қоспа егілген жердің гектарынан жыл сайын 50 центнерге жуық пішен жиналады.

 

Сиыржоңышқа-сұлы қоспасы шауып алынған бойда сыдыра жыртылады, 8-10 күннен кейін 25—27 см тереңдікте жыртылып, тырмаланады. Сонымен бірге жыртылған жерге гектарына 10 тонна қызған көң, з центнер суперфосфат және І центнер калий тұзы есебінен органикалық және минералдық тыңайтқыш енгізіледі. Күздік бидай себілер алдында пышақ табанды культиватормен 1-2 рет өңделеді. Жер культиваторлаудан бұрын гектарына 600 — 800 текше метр нормамен суарылады. Тұқым себудің ең жақсы мерзімі — сентябрьдің екінші жартысы болып табылады.

 

Псевдо-Меридионале 122-А-нын дәні ірі болғандықтан тұқым себу нормасын гектарына 180 — 190 килограмға дейін арттыру керек болады. Бұл норманы 150 килограмға дейін кеміту өнімді гектарынан 7 центнерге дейін кем алуға жиі соктырып отырады.

 

Күн райы мен жердің ылғалдығына қарай өсіп-өну дәуірінде 2-3 рет суарылтады: бірінші — сабақ тарта бастағанда, екіншісі — масақтанған кезде, ал жаз куаң болған жылдары дән алған кезде суарылады.

 

Бидай-бидайық гибриді 599 (Шехурдиновка). Бұл сортты қаратопырақты емес өңірдің астық шаруашылығы институтында жасыл бидайықты 46/31 қарабидай буданымен будандастыру жолымен Н. В. Цици мен Г. Д.Лапченко өсіріп шығарды.

 

Бұл эритроспермумнiң бір түр бөлігі.

 

Масағы қылтыкты, ақ, жапырағы түкті болады. Дәні қошқылқызыл. Аудандастарылған аймақтарда дәннің ірілігі орташа және ортадан жоғары (1000 дәннің салмағы 35—38 г), дәні нашар болады, нандық сапасы жақсы.

 

Сорт кеші жетіліп, Украинкадан 7—10 күндей кеш піседі. Кеш пісетіндіктен дәнінің жетілу мерзімі аңызақ желдің күшейетін кезеңіне дәл келеді, осының салдарынан құрғақшылық жылдары тәлімі жерде дәндері ұсақ және жеңіл болады. Сондықтан бұл сорттың табиғи тараған жерлері - ауаның ылғалы жеткілікті және жазы біркелкі жылы болатын таулы аймақтар.

 

Сорт суыққа төзімді келеді. Жатып қалуға беріктігі жағынан Украинка және Кооператорка сорттарынан тиімді артықшылығы бар. Құйылып қалуға төзімді. Сабағы биік (орта есеппен 130 см), өте берік, жатып қалмайды, мұның өзі егін жинауды механикаландыруға мүмкіндік береді.

 

Тозаңды қаракүйемен зақымдалмайды, қатты қаракүйемен аз зақымдалады. Татқа төзімді. Сорт мол өнім береді. Алматы облысы, Кеген сорт сынаушы участогінде алынған өнімі гектарына 20 центнерден келеді. Кеген ауданының «Облатком» 1952 жылы гектарынан 24,3 центнерден өнім жиналды. Бұл екінші аудандастырылған Украинка сортынан гектарынан 3—5 центнерден асып түседі.

 

Талдықорған облысы, Гвардия сорт сынаушы участогінде бидай-бидайық гибридінің өнімі гектарына 34,0 және 41,5 центнерге жетеді. Сталин атындағы колхозда (28 Гвардияшылар ауданы) 1952 асылы 108 гектар егіс көлемінің гектарынан 20,0 центнерден өнім алынды. Сол ауданның «Қазақстанның 30 жылдығы» колхозында 146 гектар егіс көлемінің гектарынан 30,0 центнерден өнім жиналды.

 

Талдықорған облысының Панфилов атындағы колхозда 1951 жылы бидай - бидайық гибридінің гектарынан 30,0 центнерден өнім алынып, Украинкадан 3,2 центнер асып түсті, ал 1952 жылы гектарынан 27,7 центнерден өнім алынды, бұл гектарына 3,6 дентнерден артық болды.

 

Украинка (Эритроспермум — нигриаристатум 246). Бұл сортты Миронов селекция станциясында таза Банатка сортынан жекелеп іріктеу әдісі арқылы селекционер В. Е. Желткович өсіріп шығарған.

 

Бұл - эритроспермум — нигрнаристатумның түр бөлігіне жатады. Масағы ұршық тәрізді жұмыр, ақ, қылтықты, ұзындығы орташа (8— 12 см), көп дәнді (дәнінін саны 28-34) келеді.

 

Дәні едәуір үлкен (1000 дәнінің салмағы 34—39 г), сопақша, қызыл, жартылай мөлдір келеді.

 

Ұндық және нандық сапасы жағынан Қазақстанда тараған күздік бидайдың барлық сорттарынан артық болады.

 

Украинка сорты Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Семей облысының тау етегіндегі тәлімі аймаққа, Талдықорған облысының Алакөл ауданындағы таулы және суармалы аймақтарға аудандастырылған.

 

Семей және Талдықорған облысындағы сортты егіс арасында Украинканың үлкен үлес салмағы болуы онша орынды емес. Семей облысында оның егіс көлемін қысқа төзімдірек сорттар (Ульяновка және Гостианум 237) егісінің көлемін, ал Талдықорған облысында — жатып қалмайтын жаңа сорттардың, егіс көлемін арттыру есебінен кыскарту қажет.

 

Ульяновка. Бұл сортты Ново-Урен (Ульянов облысы) селекция станциясында қылтықсыз Ақмасақтан (Белоколомска безостая) жеке іріктеп алу жолымен В. Н. Тюрникова мен Д. А. Киселев тез өсіріп шығарған.

 

Бұл велютинумннің бір түр бөлігіне жатады. Масағы қылтықсыз, ак, жапырағы түкті. Дәні қызыл, ірілігі орташа (1000 дәннің салмағы 25 — 30 г.), жылтыр, ұндык, нандық сапасы жақсы болады.

 

Сорт ерте піседі, үндық қарабидай гибриді 46/131-нен 24 күн, Лотесценс 329 тен 4-6 күн бұрын пісіп-жетіледі.

 

Сабағының ұзындығы орташа (100 см шамасы), сондай берік, катып қалғыш емес. Тіпті қатты жел мен жаңбырда да катып қалмайды, осы қасиетімен жоғары бағаланады.

 

Жармалы суармалы сорт сынаушы участогінде (сорт аудандастырылған аймақта) сыналған жылдардың ішінде ауруға және ауыл шаруашылық зиянды жәндіктеріне берілмеді.

 

Мол өнімді сорт. Жарма суармалы сорт сынаушы участогінде сынаудан өткізілген 4 жылдың ішінде орта есеппен гектарынан 30,3 центнерден (гектарынан ең азы 18,3, ең көбі 36, І центнер) сенім алынды.

 

Жаңа сорт өсіру үшін Семей облысының аласа адырлы суармалы аймақтарында 1952 акылы аудандастырылған. Сорттың ерекшелігі – қысқа өте төзімді, көктемгі көктеу кезінде тез өседі, топырақ шөліркеуі мен аңызақ желге берік болады.

 

Ульяновка жаңа аудандастырылған сорт болғандықтан, ол өндіріске тараған жоқ, бірақ өндіріске енгізуге тұрарлық және аудандастырылған аймакта егістің негізі болуға тиісті сорт, ол үшін осында аудандастырылмаған, дегенмен, егіліп жүрген Украинка сортын азайту керек.

 

Күздік бидайдың перспективалы сорттары

 

Лютесценс 17. Бұл сортты Верхня селекция станциясында Т.Д. Ковтун мен И. Ф. Похиль Украинка сортын Киев облысы, Тараншан ауданының жергілікті сортымен будандастыру нәтижесінде 1925—1938 жылдары өсіріп шығарды. Бұл Лютесценстің түр бөлігіне жатады. Масағы қылтықсыз, ақ, дәні қызыл болады.

 

Бұл сорт Алматы облысының тау алқабы аймағындағы тәлімі жерлерінде өсіруге перспективалы сорт ретінде арналып отыр. Бұл сорт жатып қалмайтындығымен, дәнінің сапасынын жаксылыгы және ол өнімділігімен көзге түседі. Қаскеленнiн тәлімі сорт сынаушы участогінің, шағын мөлдектерінен 1952 жылы гектарынан 44,2 ал үлкен мөлдектерінен — 47,8 центнерден өнім алынды; бұл осы жерлерге аудандастырылған Кооператорка сортының өнімінен 3,1 центнер асып түседі. Лютесценс 17 сортының 5 жылдың ішіндегі өнімі орта есеппен гектарына 37,8 центнерден болды.

 

Қаскелең ауданының салыстырмалы баға беру ісін жүргізген Фурманов атындағы колхозында Лютесценс 17 өнімді Кооператоркадан 1951 жылы 2,5 центнер, 1952 жылы 4,9 центнер көп берген.

 

Лютесценс 17-ке неғұрлым толық баға беру үшін 1953 жылы өндірістік сынаудан өткізілуге енгізілді.

 

Мнльтурум 5031. Бұл сортты Алматының мемлекеттік селекция станциясында жергілікті Альборубрум мен Триплет сорттарымен будандастыру жолымен П. Ф. Федоров өсіріп шығарды.

 

Мильтурумның түр бөлігіне жатады. Масағы қылтықсыз, қызыл, түксіз келеді, піскен кезде сәл иіледі, дәні қызыл, жылтыр болады. 1000 дәнінің салмағы 32-37 грамм.

 

Тез пісетін сорт. Шоғыр түпті келеді - бір өсімдікте 3,6 4,6 сабақ болады. Өсімдіктің биіктігі 120-140 см. Сабаны жуан, дөрекі, жатып қалмайды, дәні төгілмейді. Қысқы суыққа, кұрғақшылыққа төзімді келеді. Сары тат ауруына орташа, ал қоңыр татқа аз шалдығады. Тозаңды қаракүйеге кейбір жылдары аздап шалдығады, қатты қаракүйеге төзімді.

 

Мальтурум 5031 - мол өнімді сорт. Алматы мемлекеттік селекция станциясында сыннан өткізілген (суарып отырған кезде) 6 жылдың ішінде орта есеппен гектарынан 31,5 центнерден, яғни аудандастырылған. Қооператорка сортынан 1,7 центнер артық өнім берді.

 

Жатып қалмайтындығына және өндірістік жағдайларда механикаланған құрал-саймандар мен бейімділігіне байланысты мильтурум 5031 түсімділігі жағынан Кооператоркадан едәуір асып түседі, әсіресе ылғалды жылдары Кооператорка мықтап жатып қалады.

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: