"Қазақстанның бұрынғы бас консулы Ресейде тексеріліп жатыр": Смадияров мән-жайды түсіндірді

3 Шілде 2023, 17:39 822

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде тексеріліп жатқан Қазақстанның бұрынғы Санкт-Петербургтегі бас консулының СІМ-ге еш қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресейдің Тергеу комитетінің төрағасы қазақстандықтың русофобиялық мәлімдемелері тексеріліп жатқанын айтқан болатын. Тексеруге Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бұрынғы бас консулы Мейрам Қанапия әлеуметтік желілерде «Мен Санкт-Петербургке келем. Мен жастық кезімдегі орындарды аралап, өркениетке қайта ораламын. Құлдырап жатқан режимді көремін» деп жазған. Ол қазір Швецияда болуы мүмкін. Бұл жағдайға қатысты Айбек Смадияров пікір айтты.

Жаңалықтардан көрген шығарсыздар, Тергеу комитеті экс-бас консулға қатысты тергеу туралы хабарлаған. Ол адам бізде бұрыннан жұмыс істемейді. Сыртқы істер министрлігіне қатысы жоқ. Ресейдің тергеу комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматы емес, экс-бас консул деп ақпарат берген. Мүмкін назар аудартқысы келген шығар. Қолдарынан келді. Оның мәлімдемелері біздің және Ресейдің меморгандарымен қаралуы мүмкін. Кезінде өз еркімен жұмыстан кеткен, - деді ол.

Смадияров кейбір дерек бойынша ол Қазақстанда емес екенін айтты.

Ол қазір Швецияда, саяси баспана сұраған. Себебі Қазақстанда оның атына қылмыстық іс қозғалған. Қашып жүр. Егер ол Ресейде болса, тергеу комитеті экс-бас консул деп осындай шу шығармай, ұстап алар еді, - деді Смадияров.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: