Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.