Қазақстанның биатлоншылары Азиадада күміс жүлдегер атанды

Бүгiн, 11:43 172

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы эстафетада Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты.

Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті.

Жарыста Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: