Қазақстанның 40 азаматы Газа секторынан эвакуацияланып жатыр

13 Қараша 2023, 16:50 969

Сыртқы министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгін кешке дейін эвакуациялау жұмыстары аяқталалады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлығы 44 адам эвакуацияланады. Оның 40-ы Қазақстан азаматы, төртеуі олардың жақын туыстары.

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті. Бүгін біздің отандастарымызды эвакуациялау басталып жатыр. Эвакациялау Газа секторынан Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы болады. Пункттен өткеннен кейін Каирге, содан соң Қазақстанға келеді, - деді Смадияров.

Сондай-ақ ол әлі де бірнеше эвакуациялау болатынын айтты.

161 адамның тізімін бердік. 44 адамға ғана рұқсат алдық, - деді өкіл.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: