Қазақстанның 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29 Наурыз, 06:24 559

«Қазгидромет» РМК 29 наурызда еліміздің18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, онтүстігінде кей уақытта 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. 

Ақмола облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с сақталады. 

Ұлытау облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. 

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, облыстың таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктері аудандарында 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с.

Шымкентте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде , шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Зарина Арман
Бөлісу: