Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды

3 Желтоқсан 2023, 16:37 875

Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 04-06 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыстын жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз солүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік–батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: