Қазақстаннан 40 гастарбайтер шығарылды

24 Маусым 2023, 20:03 848

Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды «Нелегал» іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Бөлім мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталса, оның 281-ін шетел азаматтары жасаған.

Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

EL.KZ
Бөлісу: