Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы келеді

Кеше, 16:02 184

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.

EL.KZ
Бөлісу: