Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы келгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайлықтар біздің елде қаптайды, бұл біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді деген шу мен негатив көп болғанын білесіздер. Ендеше, мен сіздерге статистиканы келтірейін: 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстанға Қытайдың 126 мың азаматы барса, Қазақстанның 173 мың азаматы Қытайға барған, - деді Айбек Смадияров.
СІМ өкілі Қазақстан азаматтары Қытайға көбінесе туризм, медицина қызмет алу, оқу мақсатында баратынын атап өтті.